Елімізде дарынды жастарды қолдауға бағытталған ең беделді марапат — «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжаттар қабылдау басталды. Бұл сыйлық жыл сайын ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет және спорт саласында айрықша көзге түскен талантты азаматтарға беріледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ауқымды мемлекеттік жоба аясында үздіктерді анықтау 10 негізгі номинация бойынша жүргізіледі:
Сыйлыққа құжат тапсыру мерзімі аяқталған сәтте жасы 35-ке толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер бола алады. Олар халықаралық немесе республикалық байқаулардың, фестивальдар мен көрмелердің лауреаты, спорттық жарыстардың жеңімпазы болуы шарт. Сонымен қатар, қоғамның және нақты бір саланың дамуына үлкен үлес қосқан, инновациялық идеялары бар жас мамандар да бағын сынай алады.
Үміткерлерді сыйлыққа өздігінен емес, орталық, жергілікті және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалар (мекемелер) ұсынады. Ол үшін мынадай құжаттарды қағаз және электронды түрде өткізу қажет:
Байқау жеңімпаздарына ресми түрде «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, арнайы диплом, төсбелгі және қомақты ақшалай сыйақы табысталады.
Естеріңізге сала кетейік, бұл беделді марапаттың негізі 1992 жылы қаланған. Осы уақытқа дейін түрлі саладан 360-тан астам дарынды қазақстандық бұл сыйлықтың иегері атанып, ел мақтанышына айналды.