Президент Ақтөбе облысына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына барды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Президент «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық ескерткіш кешеніне гүл шоғын қойып, оның рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті
Биыл қазақтың қайсар қызының туғанына – 100 жыл.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады