Президент Ақтөбе жұртшылығымен әңгімелесті

25.06.2025 14:26

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге іссапармен барды

Ақорда

Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына сапары барысында Әлия Молдағұлованың ескерткіші жанында жергілікті жұртшылықпен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақордаға сілтеме жасап.

– Әлия Молдағұлова – халқымыздың қайсар қызы. Бүгін 100 жылдығына орай арнайы келдім. Бұл, ең алдымен, азаматтық борышым. Тағзым ету үшін келіп отырмын. Баршаңызға көп рақмет. Әлияның есімін халқымыздың арасында, шетелде кеңауқымда дәріптеуіміз керек. Ол – біздің мақтанышымыз. Сондықтан оның есімі біздің жадымызда мәңгі сақталады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент қазіргі алмағайып заманда бірлікті, татулықты сақтау өте маңызды екеніне назар аударды.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Әлия Молдағұлованың мемориалдық ескерткіш кешеніне гүл шоғын қойды