Президент alem.ai battle және AI Governance Cup жеңімпаздарын марапаттады

Ақорда
Ақорда

Байқау жеңімпаздары түрлі аталым бойынша анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласындағы alem.ai battle ұлттық байқауы мен мемлекеттік органдар арасындағы AI Governance Cup байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

alem.ai battle жарысының жеңімпаздары төрт аталым бойынша анықталды:

  • AI Young Talents – ағзадағы глюкоза мөлшерін инвазивті емес тәсілмен анықтайтын SuGuard жүйесі;
  • AI Driving Power – мұғалімдердің жұмысын автоматтандыруға арналған Ustaz AI шешімі;
  • AI Innovators – ЖИ арқылы қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға арналған Robio диагностикалық қолғабы;
  • Future Builders – ЖИ-модельдерін үйретуге қолданылатын сапалы деректерді жинауға және қалыптастыруға арналған NCSPEECH стартап сервисі.

Үздік ЖИ-шешімдер байқауында мемлекеттік органдар арасынан Ішкі істер министрлігі («AI Қауіпсіздік» аталымы бойынша), Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі («AI Экономика»), Астана қаласының әкімдігі («AI Әлеуметтік саясат»), Ақмола облысының әкімдігі («AI Өңір»), Қарағанды облысының әкімдігі («AI Азаматтарға қызмет») және «KEGOC» АҚ («AI Квазимемлекеттік сектор») топ жарды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда Astana AI Film Festival атты халықаралық байқау ұйымдастырылады

Новости партнеров