Президентке жасанды интеллектіні пайдаланатын талдау құралдары көрсетілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білім болашағы» көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республикалық тамыз конференциясы аясындағы іс-шара саланы дамытудың заманауи тәсілдеріне арналған.
Президентке «Талдау орталығының» жұмысы және жасанды интеллектіні пайдаланатын талдау құралдары көрсетілді.
Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұғалімнің сабаққа әзірленуіне көмектесетін WONK педагогтің АІ-ассистенті таныстырылды.
Содан кейін Мемлекет басшысына Qalam AI, Beyim AI, TopIQ және E-OQULYQ цифрлық шешімдері қолданылатын 3-сыныптағы математика сабағының үзіндісі көрсетілді.
Бұдан бөлек, Президент заманауи балалар басылымдарымен, соның ішінде әлем әдебиетінің қазақ тіліндегі аудармасымен, сондай-ақ, ғылым, инженерия, робот техникасы мен инновация саласындағы оқушылар жетістіктерімен танысты.
Оқи отырыңыз: Президент өскелең ұрпақты қандай қасиеттерге тәрбиелеу керек екенін айтты