Президент цифрлық активтер индустриясын дамыту туралы Жарлыққа қол қойды

Ақорда
Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық активтер индустриясын дамыту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды", - делінген хабарламада.

Құжат елімізде цифрлық активтер саласын дамытуға, инвестициялық тартымдылықты арттыруға және саланың құқықтық әрі институционалдық негізін жетілдіруге бағытталған.

Жарлық цифрлық активтер индустриясының тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасап, осы бағыттағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз. Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады