Президент ел игілігі жолындағы адал қызметі үшін Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты

11.09.2026 10:54

Ғизат Дәуренбекұлының мемлекеттік саясатты ілгерілетуге айрықша атсалысқан еңбегі аталып өтті

Ақорда

Президент ел игілігі жолындағы табысты әрі адал қызметі үшін Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Бұл туралы өзінің Telegram арнасында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Ғизат Дәуренбекұлы кәсіби біліктілігі мен қажыр-қайратын ел мүддесін қорғау мен тұрақтылығын нығайтуға арнағанын атап өтті.

Сонымен қатар оның мемлекеттік саясатты ілгерілетуге және ауқымды реформаларды сәтті жүзеге асыруға айрықша атсалысқанына тоқталды", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

Толық көрсету