Ғимарат опырылғанда зардап шеккен фельдшер аурухана көз жұмды
Президент қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды", - деп жазылған ақпаратта.
Астананың Алматы ауданында көпқабатты тұрғын үйдің қасбетінен кірпіштен жасалған сыртқы қаптама мен кондиционер қондырғысы құлап, бес адам зардап шеккенін, еске салайық..
Кейін ғимарат опырылғанда зардап шеккен фельдшердің жағдайы өте ауыр екені мәлім болды.
Ал бүгін медицина қызметкері көз жұмды.
Оқи отырыңыз: Жалақыға жарымадық: Атыраулық дәрігерлер еңбекақының аздығын айтып, наразылық білдірді