Президент Қазақстан мен Өзбекстанның кеден саласындағы келісіміне қатысты заңға қол қойды

05.11.2026 12:18

Екі ел кеден қызметтері өкілдіктерін ашады

Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Өзбекстанның кеден қызметтері өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының кеден қызметі өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматыда сақ дәуіріне жататын бірегей алтын әшекей табылды

Толық көрсету