Президент Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуына қатысады

28.08.2026 10:35

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай отырысындағы сөзі тікелей эфирде көрсетіледі

Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясының ашылуына қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысының Құрылтай отырысында сөйлейтін сөзі сағат 11:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.

Президенттің сөзін республикалық телеарналардан, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми парақшалардан көруге болады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 8,5 мың шақырымға жуық республикалық жол орташа жөндеуден өтті

Толық көрсету