Қасым-Жомарт Тоқаев комиссия құрамына кімдер кіруі керек екенін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде бюджет қаражатының жұмсалуын қатаң бақылау қажет екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Президент X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, осы мақсатта мемлекеттік комиссия құру керек. Оның құрамына салалық ведомстволардың басшылары, Құрылтай мен мәслихат депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер мен журналистер кіруі тиіс.
«28 қазан күні дәстүрлі Жолдауымда айтқан «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет деп санаймын. Комиссия құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер, журналистер кіреді», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оқи отырыңыз: Елімізде психологиялық қолдау орталықтарында 33 мыңнан астам адам көмек алды