Президент: Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды

Ақорда
Ақорда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, елде біртұтас қоғам болып Әділетті Қазақстанды құру ісін қолға алынды.

"Біз бәріміз біртұтас қоғам болып Әділетті Қазақстанды құру ісін қолға алдық. Әділеттілік қағидаттарын халқымыз арасында дәріптеп жатырмыз. Шын мәнінде, әділеттілік ең жоғары рухани құндылық десек дұрыс болады. Жаңа партияға «Әділет» атауын бердік. Біз тарихи үрдістерге әділетті көзбен қарап, әділ баға беруіміз керек. Сондықтан Егемен Қазақстанның негізін қалауға, оның өте күрделі экономикалық жағдайда дамуына, еліміздің көптеген тарихи жетістікке қол жеткізуіне зор үлес қосқан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын. Себебі, бұл — әділеттілікке сай келетін мәселе", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстан - әлем қауымдастығының құрметіне ие болған ел