Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025 11:14

Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындады

Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы іс-шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады