Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Президент Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Пешавардағы мектеп ғимараты шатырының опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты.
Мемлекет басшысы Пәкістан халқының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Камбоджа 6 бағыт бойынша ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды