Президент: Сотта қаралған істердің жартысынан көбі азаматтар мен бизнестің пайдасына шешіліп отыр

05.12.2025 14:55
Almaty.tv

Сотта қаралған істердің жартысынан көбі азаматтар мен бизнестің пайдасына шешіліп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Бизнестің мүддесі мен құқығын қорғау мәселесі – біздің алдымызда тұрған аса маңызды міндет. Соңғы жылдары құқық және сот жүйесін жаңғырту үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Әкімшілік әділет институты пайда болды. Бұл бастамалар қазірдің өзінде жақсы нәтиже бере бастады. Сотта қаралған істердің жартысынан көбі азаматтар мен бизнестің пайдасына шешілуде. Бизнесті негізсіз тексерулер мен заңсыз қылмыстық қудалаудың алдын алу бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Экономикалық қылмыстарды декриминализациялау жүргізілді. Мұның бәрі «Заң мен тәртіп» қағидатының орныға түсуіне ықпал етеді. Бас Прокуратураның Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитеті жыл соңына дейін Инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі комитет болып өзгереді. Ірі инвесторларға арналған «Жасыл дәліз» жүйесі іске қосылды. Енді оларға рұқсатнама құжаттары тез берілетін болды" – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Мейірім» орденін тағайындады.