Президент тапсырған «Жылдың 10 оқырманы» жобасы қалай ұйымдастырылады

18.05.2026 21:57

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулыға қол қойды. Жарлықта оқырмандарға арналған заманауи инфрақұрылымды дамыту: цифрлық құралдарды кеңінен қолдана отырып, жаңа форматтағы кітапханалар, қоғамдық кеңістіктер құру, баспагерлер мен кітап өнімін таратушылардың мемлекет үшін пайдалы қызметтерін ынталандыру, ұлттық әдеби мұраны ел ішінде және шетелде насихаттау секілді басты бағыттар айқындалған, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Рухани бастама қалай іске асырылмақ? Бүгінгі цифрлық заманда жас ұрпақтың талғамына сай келетін оқулықтар мен әдебиеттерді қалай қалыптастырамыз? Осы және өзге де сауалдарға Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық даму орталығының» спикер-эксперті, Философия PhD докторы Майра Мәлікқызы жауап береді.

Толығырақ төмендегі бейнематериалдан көре аласыз.