Президент тапсырмасы: Мемлекет пен қоғам арасындағы әріптестік нығайып келеді

29.08.2025 15:56

Тапсырманы жүзеге асыру барысында қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіліп, цифрлы технологиялар енгізіліп, заңнама жетілдіріліп жатыр

Әділет саласында, сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар ең алдымен заң бәріне бірдей деген қағидаға негізделген. Мемлекет басшысы өткен жылғы жолдауында Үкіметке әрбір азамат өзін қорғауда сезінетін және мемлекеттік институттарға сенетін тиімді қауіпсіздік жүйесін құру міндетін жүктеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тапсырманы жүзеге асыру барысында қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіліп, цифрлы технологиялар енгізіліп, заңнама жетілдіріліп жатыр. Мемлекет пен қоғам арасындағы әріптестік нығайып келеді. Осы орайда, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету – Әділет министрлігінің басты басымдықтарының бірі. Ведомство елімізде кемсітушілікке жол бермеу, әлеуметтік осал топтарды қорғау және әділ сот төрелігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа тетіктерді әзірлеп, қолданысқа енгізіп жатыр. Бұл бастамалар халықаралық деңгейде қолдау тауып, еліміздің құқықтық мемлекет ретіндегі беделін нығайтып келеді.

«Кез келген қабылданған заңдар болжамды, қолжетімді және пропорционалдық принциптеріне сәйкес келуі керек. Осылайша, «Заң мен тәртіп» идеологиясы еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуындағы ауқымды құқытық кепілдікке айналады. Оның ең жоғарғы құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болмақ», – деді ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев.

Оқи отырыңыз: Президент: Қазақстан біртіндеп дамудың даңғыл жолына түсіп келеді