Президент тапсырмасына сәйкес, энергетика саласында ЖИ технологиялары белсенді түрде қолданылуда

21.08.2025 08:43

Жаңғыртудың ең маңызды бағыты – заманауи цифрлық шешімдерді енгізу

Almaty.tv

Президент тапсырмасына сәйкес, энергетика саласында ЖИ технологиялары белсенді түрде қолданылуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңғыртудың ең маңызды бағыты – заманауи цифрлық шешімдерді енгізу. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында салада жасанды интеллект технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов атап өткендей, электр энергетикасындағы ЖИ бар дрондар электр желілерін жедел диагностикалауға, ақауларды анықтауға және оның алдын алуға көмектеседі.

«Жылу энергетикасында акустикалық резонансқа негізделген роботты кешендер құбырлардың күйін ішінен сканерлейді, бұл мақсатты жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Газ саласында есептегіштер көрсеткіштерін автоматты түрде танитын ЖИ көмекші табысты жұмыс істеуде» — деді Е.Ақкенженов.

Оқи отырыңыз: Президент Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін жаңғырту қалай жүріп жатыр