Президент Тілеухан Қабдрахмановты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

30.04.2025 10:19

Бұл туралы Ақорда хабар таратты

Ақорда

Мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахманов І дәрежелі «Достық» орденімен наградталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүзеге асыруға, шет мемлекеттермен достық қарым-қатынастардың орнатылуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахманов І дәрежелі «Достық» орденімен наградталды", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматыда 1 мамырдан бастап субұрқақтар маусымы басталады