Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

08.02.2026 11:08

Жиында 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралады

Ақорданың баспасөз қызметі

10 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

"Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Президент Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады