Президент ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды

19.08.2025 13:05

Президент жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына оң баға берді

Almaty.tv

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел орталық, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері және заманауи талаптарға сай жабдықталған қызметтік бөлмелер таныстырылды.

Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына оң баға берді.