Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамы жаңартылды

08.05.2026 20:00

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды, 

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамы жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілді.

Жарлық қол қойылған күннен бастап — 2026 жылдың 8 мамырында күшіне енді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамын осы сілтемеден оқуға болады.