Президент: зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиелеу — баршаға ортақ парыз

10.04.2026 13:26

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі 

Almaty.tv

Президент зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиелеуге мемлекет те, ата-аналар да бірдей жауапты екенін айтты.  Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv. 

"Ғылымды қолдау, ғалымдарға ел болып құрмет көрсету, бұл — ең алдымен қоғамда еңбекқорлық, білімпаздық, жасампаздық құндылықтарын орнықтыру деген сөз. Халқымыздың ойы озық болса, өскелең ұрпақтың да ғылым-білімге деген ықыласы айрықша болары анық. Зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиелеу — баршаға ортақ парыз. Оған мемлекет те, ата-аналар да бірдей жауапты. Мен былтыр «Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесін құру туралы тиісті Заңға қол қойдым. Бұл жүйе арқылы ата-аналар баласының болашақта сапалы білім алуына қаражат жинай алады. Қазірдің өзінде 200 мыңға жуық азамат арнайы есепшот ашты. Мұны болашаққа салынған ең ұтымды инвестиция деуге болады" — деді Президент.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы ғылымға көрсетіліп жатқан жүйелі қолдау шараларына тоқталды