Президент Жарлығы: жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Руслан Жақсылықов қызметінен босатылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың бааспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомствоның жаңа басшысы тағайындалды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Дәурен Қосанов 1969 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 1990 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін аяқтаған. Содан кейін әскери-әуе академиясына оқуға түскен. Атап айтқанда Ю.А.Гагарин атындағы әскери-әуе академиясын 2005 жылы аяқтаған болса, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын 2013 жылы тәмамдаған.

Үшарал жауынгерлік полкіндегі қызмет;

Талдықорғандағы "Су-27" эскадрильясының командирі;

Қарағанды авиабазасы штабының бастығы;

Шымкент авиабазасының командирі;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы;

Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының директоры;

2022 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды

"Әскери ұшқыш мерген". II дәрежелі "Даңқ" орденімен, "Жауынгерлік ерігі үшін" медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

2024 жылғы 28 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімі бойынша Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі зақымданбаған жиектастар мен асфальтты ауыстыруға қатысты ескерту жасады

Новости партнеров