Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

Ақорда
Ақорда

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қолға алынған шаралар жөнінде мәлімет берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысына шаһарды абаттандыру, қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру, сондай-ақ қолайлы және қауіпсіз қала қалыптастыру бағытында қолға алынған шаралар жөнінде мәлімет берді.

Оның айтуынша, биыл елордада 173 орынды (қоғамдық кеңістіктер мен аулалар) жаңғырту, 1,1 миллион түп жасыл желек, атап айтқанда, көшеттер, бұталар, гүлдер мен ағаштар егу жоспарланып отыр.

Негізгі жобалардың бірі – тұрғындар көп келетін «Самал» саябағы. Аталған аумақ отбасылық демалысқа, спортпен шұғылдануға және мәдени іс-шараларға ыңғайлы кеңістік ретінде жобалануда.

Оқи отырыңыз: Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

Новости партнеров