Президенттің кең көлемді сұхбаты жарық көреді

30.12.2024 21:17
Ақорда

2025 жылдың 3 қаңтарда «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көреді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Президент сұхбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын береді. Сондай-ақ елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындайды, - деп жазды Уәли.