Президенттің көтерген мәселелері – халықтың әлеуетін арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында көтерген мәселелері – халықтың әлеуетін арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Сарапшылар осындай пікір айтты, деп хабарлайды  Almaty.tv. 

Олар «халықтың әл-ауқатын жақсартып, оны белгілі бір деңгейге көтеріп қана қоймай, сол деңгейде тұрақты ұстап тұру – кез келген мемлекеттің басты мақсаты» дейді. Ал жиын барысында айтылған бастамалар мен нақты тапсырмалар дәл осы міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін жеткізді. Сонымен қатар сарапшылар Мемлекет басшысының жаңа Салық кодексіне қатысты пікіріне ерекше назар аударды. Олардың пайымдауынша, бұл бастамаларды қысқа мерзімді шара ретінде емес, елдің болашағына салынған инвестиция ретінде қарастыру қажет. Себебі әділ әрі тиімді салық жүйесі экономиканың дамуына серпін береді.

«Қазіргі таңнан бастап әрбір азамат саналы түрде салығын төлеп, Үкімет тарапынан жасалып жатқан репрессивті емес, керсінше салық жүйесіне қатысты енгізіліп жатқан реформаға дұрыс көзқараста болуы керек деп ойлаймын. Болашақта экономиканың да қарқынды дамуына және шетелден келетін инвесторлардың және тіпті туризмнің де дамуына өте қолайлы әсер ететін деп есептеймін», – деді Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Айым Тілепберген.

Президент ерекше назар аударған негізгі бағыттардың бірі – цифрландыру. Бүгінде бұл салаға жүйелі түрде басымдық берудің нәтижесінде Қазақстан цифрлық даму көрсеткіштері бойынша әлемнің ең үздік 30 елінің қатарына енді. Сарапшылардың айтуынша, электронды үкімет, мемлекеттік қызметтердің онлайн форматқа көшуі, IT-инфрақұрылымның дамуы және деректердің ашықтығы елдегі басқару сапасын арттыруға септігін тигізіп отыр.

 «Қоғамдық елімізге маңызды мәселе Ата заңымыздағы өзгерістерге байланысты 4 мыңға жуық ұсыныс келіп түскен. Мұның барлығы еліміздегі ашық қоғамды, демократиялық құндылықтарды сақтауда, оны ілгерлетуде үлкен маңызды рөл атқаратын механизмдер деп атаса болады», – деді Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Жақсыбек Жиенәлиев.

 Оқи отырыңыз: Түркістан облысында жолды су шайып кетті

Новости партнеров