Психологтардың әдеп кодексі бекітіледі

12.08.2026 13:41

Құжат 25 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды

Depositphotos.com

Психологтардың әдеп кодексі бекітіледі. Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында Психологтардың әдеп кодексі жобасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv 

Кодекс жобасы «Психологиялық қызмет туралы» Заңға сәйкес әзірленген. Психологтардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген, психологиялық қызметті жүзеге асыратын барлық тұлға үшін міндетті болатын кодекс кәсіби құзыреттілік, құпиялылық пен кәсіби құпияны сақтау, ақпараттандырылған келісімді міндетті түрде алу, өкілеттіктерді асыра пайдалануға тыйым салу қағидаттарын регламенттейді.

Әдеп кодексін бекіту психологиялық көмек көрсету саласындағы бірыңғай кәсіби құқықтық стандарттарды қалыптастырады, көрсетілетін қызметтерді алушылардың құқықтары мен психологиялық денсаулығын адал емес практикадан қорғайды, сондай-ақ білікті мамандардың жауапкершілігі мен мәртебесін арттырады.

Құжат 25 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Оқи отырыңыз: Еңбек қауіпсіздігін күшейту: 500 мың жұмыс берушіге арнайы ұсынымдар жіберілді

Толық көрсету