QOLDAU: Жеке және заңды тұлғаларға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетілді

Әлеуметтік іс-шара биыл алғаш рет өтіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының 8 ауданында қала тұрғындары мен кәсіп иелерінің жұмысын оңтайландыру үшін «QOLDAU» науқаны өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жоба азаматтардың мемлекеттік қызметтерді, ресми құжат пен рәсімдеу қағаздарын алуын жеңілдетіп, жұмыстарын ілгерілетуге бағытталған. Әлеуметтік іс-шара биыл алғаш рет өтіп жатыр. Науқанға қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мұрындық болған. Ұйымдастырушылар мұндай ауқымды акцияларды алдағы уақытта жиі өткізіп, барынша көп тұрғынды қамтуға ниетті.

"Жеке және заңды тұлғаларға сапалы мемлекеттік қызмет алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қандай да бір сұрақ пайда болса, мамандар заң аясында көмек көрсетеміз", – деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы.

"Мақсат – Алматы қаласының тұрғындарына, заңды тұлғаларға, салық органдарына эпидемиологиялық департамент жүргізіп жатқан мемлекеттік қызмет саласын түсіндіру", – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейдалиев.

Оқи отырыңыз: Халық қатысатын бюджет: Алматының Наурызбай ауданында 40 жоба жүзеге асты

Новости партнеров