Рациондағы қантты қалай азайту болады
Depositphotos.com
Алғашқы апта – ең қиын кезең, кейін дәм сезу қабілеті аз қант мөлшеріне бейімделетіні байқалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қантты шамадан тыс тұтынғанда семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары пайда болып, зат алмасу бұзылады. Кейбір адамдар үшін қанттан бірден толық бас тарту оңайырақ болуы мүмкін. Алғашқы апта – ең қиын кезең, кейін дәм сезу қабілеті аз қант мөлшеріне бейімделетіні байқалады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Рациондағы қантты қалай азайту болады:
- Тәтті сусындарды тұтынуды шектеңіз (0,5 литрлік бөтелкеде шамамен 10 шай қасық қант болады).
- Нектарлар мен шырын сусындарының орнына табиғи шырындарды таңдаңыз, бірақ шырындардың құрамында да табиғи қант бар екенін ұмытпаңыз. Күніне 1–2 стақаннан артық ішпеу ұсынылады. Ең пайдалы сусын – таза ауыз су.
- Тәтті тіскебасарлардан бас тартыңыз. Олардың орнына жемістер, жидектер, жаңғақтар мен дәндерді таңдаңыз. Кептірілген жемістер мен жидектердің қант қосылмаған түрін таңдаңыз, бірақ оларды да аптасына 2–3 порциядан (1 порция – 20 грамм немесе шамамен 2 ас қасық) артық тұтынбаңыз.
- Тәтті йогурттар мен сүзбелі кремдердің орнына қоспасыз йогурт пен сүзбені таңдаңыз, оларды өз қалауыңызша, мысалы, жидектермен дәмдеңіз.
- Тәттіні құнарлы өнімдермен бірге тұтыныңыз. Мысалы, кондитерлік өнімдерді дайындағанда тұтас дәнді ұнды қолданыңыз, оған сұлы үлпектерін, жаңғақтарды, дәндерді, жемістер мен көкөністерді қосыңыз (сонымен қатар қант мөлшерін азайтуға тырысыңыз).

Оқи отырыңыз: Қазақстан қалаларында наурыз көже қанша тұрады - шолу
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
01.10.2026 08:10
Алматыда автотұрақ тарифі өзгереді: жүргізушілер нені білуі керек
30.09.2026 10:58