Оның айтуынша, жаңартылған заң мемлекеттің одан әрі дамуына мүмкіндік береді
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рафаэль Гасанов қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының жаңа конституциясының күшіне енуімен құттықтап, бұл оқиғаны еліміздің қазіргі заманғы тарихындағы ең маңызды кезеңнің бірі деп бағалады, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оның айтуынша, жаңартылған заң мемлекеттің одан әрі дамуына, қоғамдық келісімді нығайтып, азаматтардың маңызды шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігін кеңейтуге берік негіз қалады.
«Алматылық қоғамдық кеңестің мүшесі әрі белсенді азамат ретінде осы тарихи өзгеріске куә болғаныма қуаныштымын. Ең алдымен барша қазақстандықты жаңа конституцияның күшіне енуімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – бүкіл ел үшін айрықша мәні бар тарихи оқиға», – деді.
Ол Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі басты басымдықтардың бірі – ашық қоғамдық диалогты дамыту және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайту екенін атап өтті.
Қоғам қайраткерінің пікірінше, Халық кеңесі мен Ұлттық құрылтай сияқты институтың құрылуы азаматтардың пікірі барған сайын маңызды рөл атқаратын жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.
«Жүргізіліп жатқан реформаны қолдап қана қоймай, оған белсене қатысу керек. Еліміздің болашағы әр азаматтың белсенділігіне байланысты», – деп атап өтті Рафаэль Гасанов.
Сөз соңында ол жаңа конституция Қазақстанның одан әрі дамуына, әділеттілік, заң үстемдігі мен қоғамдық бірлік қағидатын нығайтуға сенімді құқықтық негіз болатынына сенім білдіріп, қазақстандықтарды жүзеге асып жатқан реформаларды іске асыруға атсалысуға шақырды.
Оқи отырыңыз: Бекнұр Кисиков: Жаңа Конституция азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтеді