Рахат Мамырбек атындағы саяси журналистика байқауының жеңімпаздары анықталды

26.06.2025 18:27

Сайысқа еліміздің барлық аймағы мен 3 ірі мегаполисінен 52 жұмыс келіп түскен

Рахат Мамырбек атындағы саяси журналистика байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv

Биылғы сайысқа еліміздің барлық аймағы мен 3 ірі мегаполисінен 52 жұмыс келіп түскен. Әсіресе Атырау, Жетісу, Түркістан, Қарағанды, Ұлытау, Абай облыстарының қатысушылары белсенділік танытты.

 «Биыл Рахат Мамырбек атындағы саяси журналистикаға арналған байқау үшінші рет өткізіліп жатыр. Журналистер қауымына зор алғыс айтамыз!», – деді Р. Мамырбектің әпкесі Гүлфар Мамырбек.

«Ең үздік мақала» аталымында MNU Newsroom студенті Мөлдір Қабыкен «Өмір үшін күрес» материалымен топ жарды. Ал «Ең үздік видео» аталымында Батыс Қазақстан өңірінен қатысқан журналист Азамат Хамза «20-1» деректі фильмімен алға шықты. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен ақшалай сыйлық табысталды. Айта кетейік, бұл байқау дәстүрлі түрде Журналистер күні қарсаңында үшінші жыл қатарынан  өткізіліп отыр.

«20-1» деректі фильмі сайлауды бақылаушыларға арналған. Зерттеу 4-5 айға созылды. Фильмнің ұзақтығы 45 минут. Режиссері және сценарийі, зерттеу жұмыстарын жасадым. Бірақ оған үлкен команда да атсалысты», – деді жеңімпаз Азамат Хамза.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Almaty TV ұжымымен кездесті