Ол ешқашан қайтып келмейді
Оны ешкім сатып ала алмайды, қарызға бермейді, сыйға тартпайды. Адам байлығынан, мансабынан немесе денсаулығынан айырылса, қайта қалпына келтіруі мүмкін. Ал ол ешқашан қайтып келмейді.
Осы орайда Almaty.tv тілшісі уақыттың адам өміріндегі маңызына назар аударды.
Уақыт – адамның өмірі. Ол – Алланың берген сыйы әрі пендеге жүктелген аманат. Қиямет күні әр адам өмірін қалай өткізгені, жастық шағы, дүние-мүлкін қалай тауып, қайда жұмсағаны және білімін қалай қолданғаны туралы жауап береді.
Уақыттың басты үш ерекшелігі бар.
Сондықтан адам уақытын босқа өткізбей, пайдалы істерге жұмсағаны абзал.
«Уақыт – өткір қылыш сияқты. Егер сен оны пайдаланбасаң, ол сені пайдаланады», – деді Имам Шафиғи.
Уақыттың қадірін білген адам өмірін мәнді етеді. Әрбір сәтті бағалау – табысты әрі мағыналы өмірдің басты кепілі.
Оқи отырыңыз: Биыл Рамазан айы қашан басталатыны белгілі болды