Рамазанға 7 күн қалды: ҚМДБ ораза кестесін жариялады

11.02.2026 16:00

Биыл пітір садақа жан басына 735 теңге

Depositphotos.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің қалалары мен ауылдарына арналған Рамазан айының ораза кестесін ұсынады. Бұл туралы Діни басқарманың ресми сайты жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетейік, ҚМДБ мәліметіне сәйкес, 2026 жылы 19 ақпанда Қасиетті Рамазан басталады.  Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Ораза айт мейрамы 20 наурызда, Құрбан айт мейрамы 27–29 мамыр аралығында атап өтіледі.

Биыл пітір садақа жан басына 735 теңге. Садақаны банк қосымшалары арқылы аударуға болады.

Өзге өңірлер кестені сілтеме арқылы өтіп, қажетті елдімекенді таңдау арқылы жүктей алады.

Оқи отырыңыз: Рамазанға 8 күн қалды: Қасиетті айды әлем елдері қалай өткізеді