Референдум: заң бұзған екі адам жауапқа тартылды

06.10.2024 20:57

Қос азамат заң аясында жауапқа тартылып, айыппұл арқалады

Республикалық референдум күні заң бұзған екі адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар саяси науқан өтіп жатқан кезде сауалнама жүргізіп, үгіт-насихат жасаған. Қос азамат заң аясында жауапқа тартылып, айыппұл арқалады. Бұл туралы Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы мәлімдеді. Бекжан Қарамановтың сөзінше, республика аумағында тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелмеген.

"Бүгінде 2 заң бұзу фактісі анықталды. Біріншісі, жеке тұлға мен қоғамдық пікірге заңсыз сауалнама жүргізуге қатысты. Ол Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы кодекстің 120-бабы 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылды, яғни айыппұл салынды. Екіншісі, заңсыз үгіт жүргізу фактісі анықталды. Ол бойынша азаматқа жоғарыда аталған кодекстің 102-бабы бойынша айыппұл салынды", – деді ҚР Бас прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басқарма басшысы Бекжан Қараманов.

Оқи отырыңыз: Референдум: Түркістан облысында 73 сәби дүниеге келді