Референдум: Атырауда 10 сәби дүниеге келді

06.10.2024 17:31

Орталықтағы №80 жабық референдум учаскесінде 85 ана тіркелген

Атырауда Референдум күні қалалық перзентханада 10 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дүние есігін ашқан 10 нәрестенің 9-ы – қыз, біреуі – ұл. Дәрігерлердің айтуынша, аналар мен балалардың жағдайы жақсы. Ал орталықтағы №80 жабық референдум учаскесінде 85 ана тіркелген. Қазір мұнда медициналық көмек алып жатқан келіншектер де дауыс беруде.

Айта кетейік, аналар үшін барлық жағдай жасалған.

"Өмірге сәби әкелуіме байланысты перзентханада жатырмыз.  №80 сайлау учаскесі арқылы референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Қазір баламның да , өзімнің де жағдайым жақсы", – деді қала тұрғыны Ағайша Махаева.

Оқи отырыңыз: Бибігүл Төлегенова референдумға қатысты