Алматы қаласы мәслихатының депутаты Дәурен Маралов 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Референдум - бұл әр азаматтың ел дамуының бағытын айқындауға тікелей қатысуына берілген нақты мүмкіндік. Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған бұл шешім Ата заңды жаңарту мәселесін бүкілхалықтық деңгейге шығарып, стратегиялық таңдауды халықтың өз еркіне ұсыну екенін көрсетеді.
Бұл - маңызды шешімдерді қоғаммен бірге қабылдаудың айқын көрінісі», – деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Дәурен Маралов.
Оқи отырыңыз: Референдум – жай дауыс беру емес, әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігі - депутат