19:00-дегі ақпар бойынша, 7 мың 358 отандасымыз таңдау жасаған
АЭС салуға қатысты референдумға шетелде жүрген 12 мыңнан астам қазақстандықтың жартысынан көбі дауысын берген. СІМ орынбасары Роман Василенко өзге мемлекеттердегі 13 дауыс беру учаскесінің жұмысы аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кешкі 19:00-дегі ақпар бойынша, 7 мың 358 отандасымыз таңдау жасаған. Қазір Орталық Азия, Таяу және Орта шығыс, Еуропа, Оңтүстік Америка және АҚШ сынды елдерде 61 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Бұл орындарда заң бұзылмаған.
"Миссия басшылары атап өткендей, республикалық референдум Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес өтуде. Олардың пікірінше, референдум ашық, еркін және заңды болып табылады, учаскелерде бірде-бір құқықбұзушылық анықталған жоқ", – деді ҚР СІМ орынбасары Роман Василенко.
Оқи отырыңыз: Референдум: заң бұзған екі адам жауапқа тартылды