Қазақстанда өңірлік экологиялық саммит өтеді

СЦК при Президенте РК
СЦК при Президенте РК

Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымы-мен серіктестікте өткізіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Қазақстанда Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Маңызды халықаралық іс-шараны елімізде өткізу бастамасын Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясында көтеріп, халықаралық қоғамдастықтың қолдауына ие болды. Бұл бастама – өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және тұрақты экологиялық күн тәртібін ілгерілетуге бағытталған Қазақстанның дәйекті саясатының қисынды жалғасы, - деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымы-мен серіктестікте өткізіледі. ЮНИСЕФ, Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік және Халықаралық энергетикалық агенттік сияқты ірі ұйымдар негізгі сараптамалық және мазмұнды қолдау көрсетеді. ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың айтуынша, саммит нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.

«Саммит қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттері басшыларының экология және орнықты даму саласындағы өңірлік ынтымақтастық туралы бірлескен декларациясы қабылданады деп күтілуде. Қабылданған шешімдерді іске асыру құралы ретінде БҰҰ агенттіктерімен бірлескен Орталық Азияның тұрақты болашағына арналған өңірлік іс-қимыл бағдарламасы әзірленеді. Бағдарлама саммиттің негізгі бағыттары бойынша өңірлік бастамаларды қамтиды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, саммитке қатысу үшін қазірдің өзінде 2800-ден астам адам тіркелген, оның ішінде мыңнан астамы – шетелдік қатысушылар. Сондай-ақ 93 жоғары деңгейдегі қонақтың, оның ішінде мемлекет басшыларының, халықаралық ұйым жетекшілерінің, министрлер мен делегация басшыларының қатысуы күтілуде.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда инновацияларды дамытуда ғылым мен ЖОО-лардың рөлі артуда

Новости партнеров