Республика күні: Астанада жаңа спорт және мәдениет нысандары ашылады

Ұлттық мерекеге арналған 120-дан астам іс-шара ұйымдастырылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астаналықтар Республика күнін 6 күн бойы тойлайды. Бас қалада ертеңнен бастап концерттер, көрмелер, спектакльдер мен спорттық жарыстар өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық мерекеге арналған 120-дан астам іс-шара ұйымдастырылады. Сондай-ақ бірқатар нысан пайдалануға беріледі. Олардың қатарында спорт кешендері, медицина орталықтары бар.

Мәселен, Мұқан Төлебаев көшесінде «Tanym Sport» көпфункционалды кешені, ал Сұлтан Бейбарыс көшесінде «Tanym Art» кешені жұмысын бастайды.

Ал сенбі мен жексенбіде «Қазанат» ипподромында Қарағанды және Қостанай облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Айта кетейік, биыл мереке жексенбіге сәйкес келгендіктен, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн демалады.
Оқи отырыңыз: ҚМДБ діни мерекелердің күнтізбесін жариялады