Республика күні: Наурызбай ауданындағы мерекелік концертті ту көтерген сарбаздар ашты

Айданда 20 қазаннан бастап, түрлі деңгейдегі 18 іс-шара өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Республика күнінде Алматының Наурызбай ауданының тұрғындары әкімдік алдындағы амфитеатрға жиналып, мерекені тойлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Наурызбай ауданы әкімдігінің алаңындағы мерекелік іс-шараның шымылдығын ту көтерген сарбаздар ашты. Көк байрақ желбіреп, халықтың рухын аспанға көтерді. Әнұранды асқақтата шырқаған халық ұлттық мерекеге ерекше дайындалған.

"Ұлттық мереке – Республика күнін тойлап жатырмыз. Наурызбай ауданы бойынша кездесулер, спорттық іс-шаралар, әртүрлі қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Республика күніне  орай, 20 қазаннан бастап, түрлі деңгейдегі 18 іс-шара өтті",– деді Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Мирас Нысанәлиев.

"Әкімшіліктің ұйымдастырған концерттік бағдарламасына келіп, қатысып жатырмыз. Халқым мереке құтты болсын!" – деді ардагер Аят Уәлиахметов.

Әнұраның соңы мерекелік концертке ұласты. Алғашқы болып ұлттық киімдегі өнерпаздар алаңға шығып, халық әндері мен күйлерді орындады. Сондай-ақ эстраданың жұлдыздары әуенмен халыққа жылы лебізін білдірді.

"Мерекемен құттықтаймын, немерелерімді ертіп келдім. Жақсы көңіл-күй сыйлаған жандарға рақмет!" – деді қала тұрғыны Нұргүл Ағашқызы.

"Сарбаздарға қарап жігерленіп тұрмын. Тобымызбен келіп, өнер көрсетеміз. Болашақты Отан қорғап сарбаз болғым келеді", – деді қала тұрғыны Нұрдәулет Бақытбек.

Іс-шараға жиналған тұрғындар мен ауданның құрметті ардагерлері шырқалған әнге қосылып, ерекеше көңіл-күйге бөленді.

Пернебнек, Жақсылық Тілепберген

Оқи отырыңыз: Республика күні: алматылықтар дрондар шоуын тамашалайды

Новости партнеров