Республикалық ғылыми жобалар конкурсының финалында 623 оқушы бақ сынап жатыр

24.02.2026 13:51

Конкурстың қазылар алқасы жұмысына еліміздің беделді жоғары оқу орындарының 60-қа жуық профессор ғалымдары шақырылды

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша қорытынды кезеңін бастады, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Шара қаңтар айының 27- сіне дейін жалғасады.

"Конкурс 6 секция бойынша ұйымдастырылып, қорытынды кезеңге 463 жобамен 623 оқушы қатысады. Байқаудың басты мақсаты — оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, дарынды жас зерттеушілерді қолдау, сол арқылы елдің зияткерлік әлеуетін дамыту", - делінген хабарламада.


Конкурстың қазылар алқасы жұмысына еліміздің беделді жоғары оқу орындарының 60-қа жуық профессор ғалымдары шақырылды. Жеңімпаздар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдармен марапатталады.

Оқи отырыңыз: «Заң мен тәртіп»: Алматыда жастарға азаматтық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді