2023 жылы 51, 2024 жылы 18, ал өткен жылы 2 іс тіркелді
Елімізде азаматтарды азаптау деректерінің басым бөлігі полиция қызметкерлеріне қатысты тіркеледі. Соңғы бес жылда Түркістан облысында осы бап бойынша 14 полиция қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мамандардың мәліметінше, азаптау жайттары көбіне «режимдік бөлме» деп аталатын жабық кабинеттерде болады. Кейбір жағдайларда заңсыз әрекеттердің жария болмауы үшін бейнебақылау камераларындағы жазбалардың әдейі жойылатыны да анықталған. Мұндай фактілер 2023 жылдың қаңтар және қыркүйек айларында Кентау қаласында тіркелген.
«Азаптау фактілері бойынша азаматтардың шағымдары негізінде 2023 жылы 51 іс тіркелсе, 2024 жылы 18 іс, ал өткен жылы небәрі 2 іс тіркелді. Алайда басты мақсат — көрсеткішті азайту емес, бұл адам құқығына қайшы, ортағасырлық құбылысты түбегейлі жою», – деді Түркістан облыстық прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының басшысы Жасұлан Егемберді.
Оқи отырыңыз: Алматыда алаяқтық жасаған 17,6 мыңнан астам интернет-ресурс бұғатталды