Безбүйрек ана: 2 жастағы баласын өлтірген әйел қамауға алынды

03.10.2024 15:10

Факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады

Алматы облысының Боралдай кентінде туған анасы 2 жастағы мүгедектігі бар баласын ұрып өлтірген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Безбүйрек ананың бұл ісі туралы алдымен әлеуметтік желіде тарады. Әзірге азаматтың неге мұндай қадамға барғаны белгісіз. Алматы облыстық Полиция департаменті аталған фактіні растады.

"Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деді Алматы облысы ПД баспасөз хатшысы Меруерт Морякова.

Оқи отырыңыз: Алматыда туристерге қатысты алаяқтықтың беті ашылды