Роза Рымбаева ұлына 34 жыл сақтаған дүниесін тапсырды

19.06.2025 21:10

Әли Оқапов сәби күнінде жамылған жөргегін көрді

Коллаж Almaty.tv

Роза Рымбаева ұлына 30 жылдан аса уақыт сақтаған ең қымбат дүниесін табыстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әли Оқапов сәби күнінде жамылған жөргегін көрді.

«Жақында ғана анам естелікке толы тамаша затты бөлісті. Бұл – жөргек. Ол неге мен үшін ерекше? Себебі 34 жыл бұрын, Зейіндей кезімде, жөргекке жаттым. Қазір сіздерге сол уақыттағы фотомды көрсетемін. Ол кезде ешкім 34 жылдан кейін жөргекте ұлым отырады деп ойламаған шығар. Сондықтан араларыңызда жас ата-ана болса, балаңыздың бір затын сақтап қойыңыздар. Себебі жылдар өткен соң оны немерелеріңіз пайдалануы мүмкін», – деді әнші.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, балаларының қандай заттарын сақтағанын жазды

Оқи отырыңыз: Талдықорғандағы үйлердің бірінде екі басты жылан табылды