Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен кетті

instagram.com/p/DN8Q3l8CM_p
instagram.com/p/DN8Q3l8CM_p

21 сәуірде Руслан Берденовті әкімдік ғимаратының жанында атып кеткен болатын

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Руслан Берденов өз еркімен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті биылғы жылдың ақпан айынан бері атқарып келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Руслан Берденов 1985 жылдың наурыз айында Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КИМЭП университетін “Іскерлік басқару магистрі, қаржылық менеджмент маманы” мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы “Procter & Gamble LLP” компаниясында бастаған. 2010-2012 жылдары “EASTCOMTRANS” ЖШС-нің жылжымалы құрамды жалға беру департаментінің директоры, 2012-2018 жылдары “Ақ ниет” ЖШС-нің бас директоры, 2018-2019 жылдары “Ақ ниет” ЖШС-нің бақылау кеңесінің мүшесі, 2019-2023 жылдары “Aq Niet Group” бақылау кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

2023 жылдың наурызынан қала әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті VIII шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.

Еске салайық, 21 сәуірде Руслан Берденовті әкімдік ғимаратының жанында атып кеткен болатын. 20 тамызда сот шабуыл жасаған Ернар Жиембайды кінәлі деп танып, оны 9 жылға жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу туралы үкім шығарды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ипотека алу шарттары қайта қаралуы мүмкін

Новости партнеров