Жеті жастағы қыздың сөзінше, мұғалім оған анайы әрекет жасаған.
Шымкентте информатика пәнінің мұғалімі сабақ үстінде оқушы қызға тиіскен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Сұмдық жайт қаладағы жекеменшік мектептерінің бірінде болған. Жеті жастағы қыздың сөзінше, мұғалім оған анайы әрекет жасаған. Кейіннен болған жайтты балақай анасына айтып беріпті. Бүгінде 36 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазір құзырлы органдар білім ордасындағы бейнебақылау жазбаларын мұқият тексеріп жатыр. Полиция кәмелетке толмағандарға қарсы кез келген заңсыз әрекет қатаң жазаланатынын мәлімдеді.
«Барлық уәждер тексеріліп, жиналған материалдар мен деректер жан-жақты талданып жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды. Барлық тергеу әрекеттері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады», – деді Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Петропавлда көпір құрылысы дау туындады