Сабақта смартфон пайдаланған оқушының ата-анасына айыппұл салынады

Almaty.tv
Almaty.tv

Аталған ережені бұзу әрекеті үшін 5 АЕК сомасында айыппұл ескерілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова заңнамадағы тиісті шектеуге қарамастан оқушылар мектепте смартфон пайдаланса, ата-анасына айыппұл салынатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Білім туралы" заңда ұялы телефонды сабақ процесінде пайдалануға тыйым салынғаны жазылған. Бұл тұрғыда жауапкершілік ата-анаға жүктелген. Сондықтан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте бұл 409-бапта осы жауапкершілік нормасы қарастырылған. Талаптар бұзылған жағдайда, Кодексте айыппұл сомасы көрсетілген. Егер бұл бірінші рет болса, ескерту беріледі. Ал тағы қайталынып жатса, айыппұл салынады, - деді М. Мелдебекова Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Вице-министрдің айтуынша, әзірге бұл бап бойынша ата-аналарға айыппұл жазылмаған. Жалпы, аталған ережені бұзу әрекеті үшін 5 АЕК сомасында айыппұл ескерілген.

Оқи отырыңыз: Сенат фонограмманы пайдалануды шектеу туралы заңды Мәжіліске қайтарды

 

Новости партнеров