Саябақта тұрған автокөліктен ер адамның мәйіті табылды

27.08.2025 16:52

Полиция осыған қатысты ресми жауап берді

Аlmaty.tv

Алматыдағы Түрксіб ауданында саябақ тоғайында тұрған автокөліктен ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат желіде тарады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.  

Полиция осыған қатысты ресми жауап берді. 

Қайтыс болған адамның тұлғасы анықталды. Қолдан жасалған өлім белгілері табылған жоқ. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды, – деп хабарлады қалалық полиция.

Айта кетейік, материалдар Түрксіб аудандық полиция басқармасының қарауында.

Оқи отырыңыз: Екі баласын терезеден лақтырып жіберген әйел ауруханадан шықты