Сайлаушылар тізімінде бар-жоғын қалай тексеруге болады

05.08.2026 15:41

Егер азамат сайлау күні басқа елдімекенде болса, есептен шығару куәлігін алуы керек

Қазақстандықтар 7 тамыздан бастап тұрғылықты жері бойынша сайлаушылар тізіміне енген-енбегенін тексере алады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Егер азамат сайлау күні басқа елдімекенде болса, онда нақты жүрген жерінде дауыс беру үшін есептен шығару куәлігін ала алады. Ал учаскелік комиссиялар азаматтарды дауыс беру уақыты мен орны туралы 12 тамыздан кешіктірмей хабардар етеді. Бұл ретте жоғары оқу орнының мамандары халықты сайлауға белсенді қатысуға шақырады. Маңызды күнде жауапкершілік танытып, ел тағдырын шешетін халық қалаулыларын бірге таңдау – әрбір азаматтың борышы екенін алға тартады.

«Құрылтайға барлық халық атсалысуы тиіс. Себебі бұл жерде әр азамат өзінің азаматтық белсенділігін көрсетуі маңызды. Құрылтай қазақ елі үшін жаңа импульс береді. Себебі билік пен ел арасындағы байланыс қарқынды болады. Яғни, билік болашақта естілетін, еститін билік болады, бұрынғыдай екі сатылы емес, бір сатылы. Өз тарапымнан өте дұрыс шешім деп ойлаймын», – деді Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Көлік инженериясы» білім беру бағдарламасының басшысы ¤Нұрбол Қамзанов.

 .Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың 72,3 пайызы Құрылтайда дауыс беруге дайын